Балабақша туралы
Smart kids балабақшасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Үмбетбаев көшесі 216 үйде орналасқан. Балабақша 2016 жылдан бастап жұмыс жасайды. Ғимарат 2 қабатты, көлемі 409м2 құрайды. Жалпы жер көлемі 1066м2 қамтиды. Жоба қуаттылығы 53 орын. Оқыту тілі - қазақ және орыс тілінде. Балабақшада 3 топ құралған, 2 қазақ аралас топтары,1 орыс аралас тобы. Балабақша таңғы сағат 8:00 ден, кешкі 18:00 дейін дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері қызмет етеді. Демалыс сенбі, жексенбі күндері. Біздің балабақшада, тәрбиеленушілерге барлық қолайлы жағдай жасалынған. Бүлдіршіндердің жан-жақты дамуы, денсаулықтары, жеке бас қауіпсіздіктері басты назарда ұсталынады. Отанымыздың ертеңгі болашағы - бүлдіршіндерімізді болашақта жақсы адам, елін, жерін сүйетін азамат пен азаматша етіп тәрбиелеуге біздің ұжым аянбай қызмет етіп келеді!